Отырарда ер адам трактордың екі аккумуляторын ұрлап, сатып жіберген
Отырарда ер адам трактордың екі аккумуляторын ұрлап, сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отырар аудандық полиция бөліміне ер адам арызданды. Оның айтуынша, тұрғын үйінің ауласының сыртында тұрған К-700 трактордың құны 75 мың теңге тұратын екі аккумуляторын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 150 мың теңге.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.
Хабарламаны естіген тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Олар ұрлық қылмысын ашуға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде, оның жергілікті тұрғын екені белгілі болды.
Анықталғандай, күдікті жас жігіт сол көшеден күнделікті өтіп, бақылап жүрген. Ер адам ешкімнің байқамай тұрғанын пайдаланып, арам ойын жүзеге асырған. Күдікті ұрлаған бөтеннің мүлкін арнайы аккумулятор қабылдайтын орынға алып барып өткізіп, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.