Мас солтүстікқазақстандық жүргізуші куәлігінсіз мотоцикл жүргізгені үшін ұсталды
Мас солтүстікқазақстандық жүргізуші куәлігінсіз мотоцикл жүргізгені үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО-да “Жол-көлік оқиғасына жол жоқ!”акциясы аясында профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Аққайың ауданында қолында жүргізуші куәлігі жоқ, масаң күйде мотоцикл жүргізген ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Масаң күйде мотоцикл жүргізу фактісі Аққайың ауданы Ивановка ауылында анықталды. Учаскелік инспектор 46 жастағы ауыл тұрғыны басқарған “Иж Юпитер-5” мотоцикілін тоқтатты. Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті. Аталған фактінің нәтижесі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік материал жинақталды. Баптың санкциясы әкімшілік қамауға алуды көздейді.
– СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы 8 маусымнан бастап Жол қозғалысы ережелерін, оның ішінде қос доңғалақты көліктердің жүргізушілері тарапынан өрескел бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған “Жол-көлік оқиғасына жол жоқ!” акциясын өткізуде. Мотоциклдер, скутерлер, мопедтер, электросамокаттар, велосипедтер – жол қозғалысына қатысушы барлық көлік құралдары жүргізушілерінің назарында. Рейдтер жандандырылып, оның барысында осы санаттағы жүргізушілермен профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Кәмелетке толмағандардың арасында скутермен жүру қағидаларын түсіндіру бойынша жұмыс күшейтілді; жасөспірімдер және олардың ата-аналарымен жол – қауіптілігі жоғары учаске және қауіптен сақтану үшін барлық қағидаларды білу және мүлтіксіз сақтау қажеттілігі туралы әңгіме жүргізілуде, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.
“Жол-көлік оқиғасына жол жоқ!” акциясының екі күнінде облыс жолдарында Жол жүрісі қағидаларының 719 түрлі бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде 112 факті жылдамдық режимін бұзу, 71 факті қауіпсіздік белдігін тақпау, 12 факті авариялық жағдай туғызу бойынша. Жаяу жүргіншілердің тарапынан 174 бұзушылық тіркелді. Мотокөлік жүргізушілері 15 бұзушылыққа жол берген. Бұдан бөлек, масаң күйде авто және мотокөлік басқарған 9 жүргізуші ұсталды.
СҚО ПД Жергілікті полиция қызметкерлерінің айтуынша, “Жол-көлік оқиғасына жол жоқ!” облыстық акциясы 19 маусымға дейін жалғасады, алайда Жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарын және қос доңғалақты көлік жүргізушілері арасында апттардың алдын алу бойынша жұмыс маусым бойы жалғасатын болады.
Бес айда СҚО жолдарында 96 жол-көлік оқиғасы тіркелді, нәтижесінде 15 адам қаза тауып, 142-сі жарақат алды.