Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада түлектер кешіне 500-ден астам полицей жұмылдырылды

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары  Б. Молдабековтың қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс көлемінде жалпы білім беретін оқу орындарында мектеп бітірушілер кешін өткізудің бірыңғай күні 16 маусымы деп белгіленген. Облыс бойынша 295 мектеп және гимназия, лицейлерде 7506 мектеп бітіруші түлек аттестат алады деп күтілуде. Қалалық Полиция басқармасы және барлық аудандық полиция бөлімдерімен облыс көлеміндегі оқу орындарында және оларға іргелес аумақтарда қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жан-жақты шаралар қабылданып, іс-шараларды өткізу кезінде әрбір мектепке кемінде екі қызметкер бекітіледі.

Полицияның кешенді күштерінің патрульдеу бағыттары оқу мекемелеріне барынша жақындатылды, балалар көп жүретін жаяу жүргіншілер өтпелеріне патрульдік полиция қызметкерлерін қою және сол күні кезекші бөлімшелерде күшейтілген түрдегі оперативтік-тергеу топтарын құру жөнінде арнайы жоспарлар жасалып бекітілді. Өткізілетін іс-шараларға барлығы 516 қызметкер, 136 қызметтік автокөліктер жұмылдыру жоспарлануда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру