Ақтөбеде тұрғынға күш көрсетіп, онлайн несие рәсімдеткізіп алған күдікті ұсталды
Ақтөбеде тұрғынға күш көрсетіп, онлайн несие рәсімдеткізіп алған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мамыр айының соңында көшеде жәбірленушіге белгісіз адамдар күш көрсетіп, оны телефонмен екі млн теңгеге жуық сомаға онлайн кредит рәсімдеуге мәжбүрлеген.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20 жастағы күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.