Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде тұрғынға күш көрсетіп, онлайн несие рәсімдеткізіп алған күдікті ұсталды

Ақтөбеде тұрғынға күш көрсетіп, онлайн несие рәсімдеткізіп алған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамыр айының соңында  көшеде жәбірленушіге  белгісіз адамдар күш көрсетіп, оны телефонмен  екі млн теңгеге жуық сомаға онлайн кредит рәсімдеуге мәжбүрлеген.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20 жастағы күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру