Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік спортшы полицей Қазақстан чемпионатында алтыннан алқа тақты

18-21 сәуір аралығында Астана қаласында панкратионнан Қазақстан чемпионаты өтті. Елорданың төрінде еліміздің ең мықты спортшыларының басын қосқан дүбірлі додада Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкері жеңіске жетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі рет әлем чемпионы атанған Айдын Төлепбаев 77 келі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тағып, әлем чемпионатына жолдаманы жеңіп алды.

Палуан полицей бұл чемпионатта 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында өзінің нағыз үздік екенін тағы да паш етті. Байрақты бәсекелерде намысты қолдан бермейтін Айдын Төлепбаев – Ақтөбе полициясының үздік қызметкерлерінің бірі, 10 жылдан астам уақыттан бері абыройлы қызмет етіп келеді.

Спортты жанына серік еткен полицей спорттың 4 түрінен (аралас жекпе жек, әмбебап жекпе-жек, панкратион, қоян-қолтық ұрыстан) халықаралық дәрежедегі спорт шебері, аралас жекпе-жек пен әмбебап жекпе-жектен Азия чемпионы. Өткен жылы палуан жігіт панкратионнан және қоян қолтық ұрыстан әлем әлем чемпионы атанған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру