Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында тәртіп сақшылары мас күйінде көлік жүргізген ер адамды ұстады

Ақсу қаласының полиция қызметкерлері Mercedes көлігін мас күйінде жүргізген ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол жүру ережесін бұзған ер адамның бұдан бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

– Ер адам жүргізген көлік айыппұл тұрағына қойылды. Медициналық куәландыру нәтижелеріне сәйкес, жүргізуші орташа дәрежеде мас болған. Аймақ тұрғындарына мас күйінде көлік жүргізу арқылы өз өміріңізге ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларының өміріне де қауіп төндіретініңізді еске саламыз. Жүргізуші көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, – дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері өңірде полицейлер мас күйінде көлік жүргізген 420 жүргізушіні тоқтатты, барлық құқық бұзушылар жазаланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру