Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полиция департаментінде саптық бөлімшелердің үздік патрульшісі таңдалды

Елордалық полиция департаментінде саптық бөлімшелердің үздік патрульшісі таңдалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаменті саптық бөлімшелер арасында “2024 жылғы Үздік маман” байқауын өткізді. 19 қызметкер қатысқан байқау бірнеше кезеңді қамтыды.

Теориялық және практикалық құзыреттіліктер, дене, жауынгерлік дайындық деңгейі, жол қозғалысы ережелерін білу, көлікті маневрлеу және тағы басқа білімдері бағаланды.

Сонымен қатар қызметкерлер алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша өз шеберліктерін көрсетіп, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін қолданудан жарысты.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды ПП полкінің аға инспекторы Досжан Казиев, екінші орынды ПП полкінің инспекторы Айдын Ысқақов иеленсе, үшінші орын ПП мамандандырылған батальонының аға инспекторы Ғалым Арықпановқа бұйырды.

Жеңімпаздарға Астана қаласы полиция департаментінің қол сағаты және кубоктар табысталды.

Бұдан бөлек “Үздік заңгер”, “Үздік спортшы”, “Үздік эрудит”, “Үздік мерген”, “Үздік жол реттеушісі”, “Үздік жүргізуші”  және “Үздік алғашқы медициналық көмек көрсетуші” сынды 7 номинация иелері анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру