Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-дағы ҚАЖ қызметкерлері балалар үйінің түлектеріне көмек көрсетті

ШҚО-дағы ҚАЖ қызметкерлері балалар үйінің түлектеріне көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/2 колониясының қызметкерлері балалар үйінің түлектеріне көмек қолын созды. Көмек ретінде олар балаларды ақшалай қаражатпен қолдады.

– Өткен жылы Өскемендегі балалар ауылыннан шықтым. 11-сыныпты бітіріп, университетке түсіп, осы жылы бірінші курсты аяқтадым. Спортты өте жақсы көремін. Қазір жазғы уақытта даяшы болып жұмысқа тұрдым. Жалғыз болған оңай емес. Арманым көп. Қиындықтар да аз емес. Бірақ маған әлі күнге дейін балалар ауылының қызметкерлері мен мекеме қызметкерлері көмектеседі. Бұл жолы қызметкерлер мені де ұмытпады. Олар ақшалай көмек көрсетті. Осындай адамдардың бар екеніне өте ризамын, – деді балалар үйінің түлегі.

 

– Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға жедел көмек көрсетіп, әрдайым қолдап жүретін осындай қызметкерлермен жұмыс істейтініме қуаныштымын. Біз алдағы уақытта да көмектесетін боламыз, өйткені олар – біздің болашағымыз. Кім біледі бәлкім осы балалар кейін біздің атқарып жүрген жұмысымызды жалғастыратын шығар, – деді мекеме бастығы Еркін Кабин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру