Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аягөз қаласында ШҚО бойынша ҚАЖД қарасты ОВ-156/21 мекемесінің кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері Жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, қылмыстық-атқару жүйесіндегі бос орындарға жұмысқа орналасуға кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі органдарына қызметке тұруға ниет білдірген 35 жасқа дейінгі жастар шақыртылды.

– Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет ету – батылдық пен төзімділікті қажет ететін өте қиын әрі маңызды жұмыс. Біз жас мамандарға тұрақты жалақы, тегін медициналық көмек, мансаптық өсу, өзіне және әрбір отбасы мүшесіне тұрғын үй жалдағаны үшін өтемақы, еңбек өтілі 1 жылға 1,5 жыл болып есептеледі. Құқық қорғау жүйесіне өз елінің жас, лайықты патриоттары және өз Отанына қызмет етуге дайын жастар қажет, – дейді ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті ОВ-156/21 мекеме бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Анар Сабиева.

Бос орындар жәрменкесі барысында қызметкерлер қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, қызметке қабылдау тәртібі мен талаптарын түсіндірді.

– Менің ағам мен әкем әскери қызметшілер, ал өзім формадағы әйелдерді көргенде қызығатынмын, мен оларға қарап, өзім де органдарда қызмет етемін деп армандайтынмын. Ал бүгін мен үшін осындай мүмкіндік туындады. Хабарландырудан біздің қалаға арнай органдардан қызметкерлер келіп, өз қатарларына қызметке қосылу үшін шақырып отырғанын білдім. Сол үшін қандай іс-әрекет жасауым керек екендігін және қандай талаптар қойылғанын біліп, барлық сұрақтарыма жауап алдым. Мен жаныма жақын жұмыс тауып, Отанға қызмет ететін боламын, – деп үміткер Арай өз эмоцияларымен бөлісті.

Сонымен қатар, осы күні ОВ-156/21 мекемесінің кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесіндегі бос орындарға жұмысқа орналасуға кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жалғастырып, Үшбиік және Жарма ауылдарына да барды.

– Қызметке кадрларды іріктеу кезінде біз ішкі істер органдарындағы қызметтің тартымдылығын арттыратын дәлеледер келтіреміз, әрбір кандидат үшін дәлелдер жеке болуы тиіс. Мысалы, басқа мамандықтармен салыстырғанда, зейнеткерлікке шығу, санаториялық-курорттық қамтамасыз ету шарттары – органдарға кірудің негізгі мотивациясы, – деп атап өтті ұйымдастыршулар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру