Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяққа сенген ақтөбелік әйел ақшасынан айырылды

Алаяққа сенген ақтөбелік әйел ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көбінесе алаяқтар банк қызметінен қоңырау шалу, түрлі бонустарды есепке алу және ұтыс ойындарына қатысу сияқты схемаларды пайдаланып, алдайды. Ескертулерге қарамастан, тұрғындар алаяқтардың алдауына түсіп жатады.

Мысалы, 4 шілде күні 37 жастағы жергілікті тұрғынның телефонына өзін банк қызметкері ретінде таныстырған белгісіз азамат қоңырау шалды. Банк қызметкері алаяқтар жәбірленушінің атынан несие рәсімдемек болғанын айтқан. Алаяқ жәбірленушінің жеке деректерін иемденіп, оның картасындағы барлық ақшаны басқа банктік шотқа аударып алған. Келтірілген шығын бір миллион теңгеден астам болды.

ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдікті адамды анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру