Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау полициясы балаларға экскурсия ұйымдастырды

Маңғыстау полициясы балаларға экскурсия ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде Ақтау қаласы “Сапсан” оқу-дамыту орталығының бүлдіршіндері өңір полициясының тыныс-тіршілігімен етене танысу мақсатында қонақта болды. Бұл – Мемлекет басшысының бұйрығымен бекітілген Балалар жылы аясында іске асып жатқан іс-шаралардың бірі.

Полицейлер қонақтарды жылы қарсы алып, балақайларға жазғы демалыстың көңілді өтуіне тілек білдірді. Экскурсия жасөспірімдерді полиция тарихымен таныстыру, тәртіп сақшыларының өнегелі жолын есте қалдыру, патриоттық рухтағы сезімді ұялату мақсатында департаменттің мұражайынан бастау алды.

Айта кетейік, маңғыстаулық полицейлер мұражайы – экспозициялар мен көрмелер, қорлар мен түрлі зерттеулер топтастырылған мәдениет ошағы. Балалар жылдар бойы мұражай қабырғасында жинақталған полиция мұрасымен, экспонаттармен танысып, өз эмоцияларымен бөлісті. Араларында полиция қызметіне зор қызығушылық танытқан, ертеңгі елге қызмет ететін болашақ тәртіп сақшылары да аз болған жоқ.

Танымдық экскурсиясының келесі бағыты ведомвствоның Жедел басқару орталығында жалғасты. Күндіз-түні азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысып отырған қырағы сақшылар жеткіншектерге құқық бұзушылықтардың қалай анықталатынын бейнебақылау камераларын көрсету арқылы түсіндіріп, орталықтың басты мақсатымен таныстырып өтті.

Өз кезегінде кішкентай меймандар бейнебақылау жүйесінің басқару пульттерін қолдану арқылы қала жолдарындағы қозғалысты бақылап, шаһарымызды кең ауқымда тамашалауға мүмкіндік алды.

Іс-шара соңында тәрбиешілер мен балалар Полиция департаментінің қызметкерлеріне шексіз алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру