Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері бірнеше пәтер ұрлығын ашты

Петропавл полицейлері бірнеше пәтер ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пәтер ұрлықтарын жасады деген күдікпен Петропавлдың 33 жастағы тұрғыны ұсталды. Облыс орталығындағы ломбардтардың бірінен ұрланған алтын бұйымдардың бір бөлігі алынды.

Пәтер ұрысы Панфилов көшесі бойындағы жеке меншік үйге әйнектің шынысын сындырып, ішке терезе арқылы енген. Алтын бұйымдар мен ақша ұрлаған. Шығынның сомасы шамамен 900 мың теңгедей. Заттарының ұрланғанын иелері кешке үйлеріне келген соң анықтаған. Жедел іс-шаралар барысында полицейлер қылмыс жасады деген күдіктіні, бұрын ұрлық үшін сотталып, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылған Петропавл қаласының тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта ұсталған күдікті қамауға алынды, тергеу изоляторында.

Тергеу амалдары қалалықтың тағы осындай жеті ұрлыққа қатыстылығын анықтауға септігін тигізді. Жалпы келтірілген шығын сомасы құны үш миллион теңгеге жуық.

– Ломбардтардың бірінен жеке меншік үйлерден ұрланған алтын бұйымдар алынды. Барлық ұрлықтар таңғы 9 бен 11 аралығында жасалған, – дейді Екінші полиция бөлімінің бастығы Талғат Смағұлов.

ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша жүргізілген тергеу материалдары сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру