Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта ер адам терезе арқылы үйге кіріп, 1 млн теңге ақшаны ұрлап кеткен

Балқашта ер адам терезе арқылы үйге кіріп, 1 млн теңге ақшаны ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 маусымда Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне қаланың 43 жастағы тұрғыны жүгінді. Анықталғандай, ол түнде үйінде болмаған. Сонымен бірге, бірінші қабатта орналасқан пәтерінің терезе желдеткішін ашып кетеді. Белгісіз біреу, осы жағдайды пайдалана отырып, жәбірленушінің үйіне терезе арқылы кіріп, алтын зергерлік бұйымдарын, оның ішінде екі сақина, екі білезік, сырға, алқаны және 100 мың теңге ақшаны қолды қылған. Жалпы шығын сомасы 1 млн құрайды.

Аталған факті бойынша полицияда ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға орнын қарап шыққан полицейлер тәжірибелі ұры әрекет етті деген қорытындыға келді. Олар өз болжамдарынан қателеспеді.

2 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері бұрын мүліктік қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктіні – 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол ұрланған зергерлік бұйымдарды ломбардқа тапсырғанын және қолма-қол ақшаны өз қажеттіліктері үшін пайдаланғанын түсіндіріп, мойындады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қаскөйдің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру