Пәтерді жалға алып, теледидарды қолды еткен қызылордалық әйел ұсталды
Пәтерді жалға алып, теледидарды қолды еткен қызылордалық әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
10 шілдеде Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 44 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Өзінің арызында ол тәулікке жалға берген пәтерінде тұрып жатқан азаматшаның үй ішіндегі қымбат теледидарын ұрлап кеткендігін көрсеткен.
Үйін тексеруге келген пәтер иесі Samsung теледидарының ұрланғанын білген. Ұрлық жөнінде дереу полицияға хабарласқан әйел тәртіп сақшыларына мән-жайды айтып берді. Пәтер иесіне 200 мың теңге көлемінде шығын келтірілді.
Қазіргі уақытта сенімге кіріп, ұрлық жасаған 27 жастағы қызылордалық азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.