Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ: Мал ұрлығын азайту үшін жергілікті билік және халықпен ынтымақтастық қажет

ҚР Қылмыстық кодексі «Мал ұрлығы» бабымен толықтырылды (188-1-бап). Ол оң нәтижесін көрсетті. Соңғы үш жылда мал ұрлығы екі есе азайды (4718-ден 2240-қа дейін). Бұл – құқықтық мемлекет тәжірибесі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алайда ұрланған малдың саны алаңдатарлық жағдай болып отыр. Жыл басынан бері Алматы облысында 800-ден астам, Ақмола және Жамбыл облыстарында 500-ден астам, ал Түркістан облысында 400-ге жуық мал ұрланған.

Талдау көрсеткендей, ұрланған мал еті сатылатын негізгі орындар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары болып табылады.

Қолды болған малдың 70%-ы қараусыз қалған. Бұл – жол қозғалысына қауіп, қылмыскер үшін оңай олжа. Сондықтан жергілікті халықпен және әкімдіктермен тығыз ынтымақтастық орнату қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру