Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда “Демалыс” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

Атырауда “Демалыс” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Атыраулық полицейлер жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 14-16 шілде күндері облыс көлемінде “Демалыс” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысты болдырмау – бүгінгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Іс-шара барысында жертөле, саяжай, өзен, көл жағалары, вокзал, сауда нүктелері және тағы да басқа кәмелетке толмағандар жиналатын орындар тексерілді.

Ішкі істер органдарына әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 194 кәмелетке толмаған әкелінді. 211 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдер анықталып, 211 ересек тұлға жауапкершілікке тартылды.

– ІІО-ның профилактикалық есебіне – 5, тізімдік есепке 4 кәмелетке толмаған және бір қолайсыз отбасы қойылды. Жазғы демалыс кезінде жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңда орын алып отырған оқыс оқиғалар, оның ішінде суға кету деректері, жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақаттар, көп қабатты үйлердің терезесінен құлау оқиғалары, бұралқы иттердің қабуы тағы басқа адам өміріне қауіпті оқиғаларды мысалға келтіре отырып, бұқаралық ақпарат құралдары, интернет желілері арқылы, сонымен қатар халықтың көп шоғырланатын орындарына, яғни аялдамалар, орталық базар, Халыққа қызмет көрсету орталығына фото, хабарламалар ілініп, халық арасында түсінік жұмыстары жүргізілді, – деп атап өтті Атырау облысы бойынша ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Орынгүл Кушкалиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру