Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жайылымдық жерден мал ұрлаған қазығұрттық үш жігіт қамауға алынды

Жайылымдық жерден мал ұрлаған қазығұрттық үш жігіт қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйел арызданды. Оның айтуынша, жайылымда жүрген екі бас сиырын белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 550 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары хабарламаны естіген бойда оқиға орнына бірден жетті. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде, қылмысқа күдікті ретінде Қазығұрт ауданының үш тұрғыны ұсталды.

Күдікті үш жігіттің екеуі ағайынды, үшіншісі досы болып келеді. Олар түнгі уақытта бақташының жоқтығын пайдаланып ұрлық жасаған. Күдіктілер ұрлаған малдарды сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру