Алматы облысының тұрғыны жалғызбасты әйелге қарулы шабуыл жасады
Алматы облысының тұрғыны жалғызбасты әйелге қарулы шабуыл жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Оның пәтеріне 19 жастағы А. есімді азамат түнде кірген. Пышақпен қорқытып, жинаған ақшасы мен бағалы заттарын беруді талап еткен.
– Әйел адам оның айтқандарына көнген. Сонымен қатар, қаскөй оның телефонын иемденіп, содан кейін мобильді қосымшаны пайдаланып, оның банк шотындағы ақшасын шешіп алған. Бұл туралы жәбірленуші бірден полицияға хабарлаған. Дереу тергеу-жедел тобы құрылып, шабуыл жасаған адамды анықтады және ұстады. ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес, ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы (Қарақшылық) бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол – Алматы облысы, Панфилов ауданының тұрғыны, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.