Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда әйел көлік терезесінен трамадол сатқан

Атырауда әйел көлік терезесінен трамадол сатқан, – деп хабарлайды Polisia.kz

17 шілде күні сағат кешкі 20:35 шамасында Атырау қаласы Полиция басқарамасының Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камерасы арқылы Авангард мөлтек ауданында Skoda автокөлігінен белгісіз әйел адамның төрт ер азаматқа белгісіз дәріні сатып тұрғанын байқап, жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Патрульдік полиция қызметкерлері аталған автокөлікті Жерұйық мөлтек ауданы тұсынан тоқтатып, тексеріс кезінде аталған көлік жүргізушісінің алькогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаң күйде көлік басқарғандығы анықталды.

Аталған факті бойынша 30 жастағы автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Ал психотропты дәрі сатқан азаматшадан трамадолдың 13 данасы және 5 флакон тропикамид психотропты дәрілері тәркіленді. Оған қатысты шешім шығару үшін медициналық экспертиза тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру