Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
14 тамыз күні таңғы 04:30 шамасында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы аясында мас күйінде көлік жүргізген Lada автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Тексеру барысында көлік жүргізушісі 2021 жылы 5 мамыр күні соттың шешімімен көлік құралын жүргізу құқығынан 7 жылға айырылғанына қарамастан, автокөлікті масаң күйде қайта басқарған.
Сараптама қорытындысына сәйкес, 56 жастағы қала тұрғыны «орта дәрежелі» масаң күйде көлік басқарғаны белгілі болды.
Оған қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.Жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын күшейту мақсатында полицейлер қала тұрғындарын жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды ескертеді.