Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды

Алматыда бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

43 жастағы күдікті бір апта ішінде екі алматылық тұрғынның үйін тонап кеткен.

– Қаскөй азық-түлік дүкенін ерлерге арналған барбершоппен шатастырып, ішке кіріп, ғимаратта ешкім жоқ екенін көргеннен кейін роутерді ұрлап кеткен. С. есімді азамат үшінші ықшам ауданда екінші рет бөтеннің мүлкін ұрлаған. Газ құбырымен кіреберістің қалқасына көтеріліп, терезе арқылы пәтерге кіріп, сол жерден техниканы ұрлап кеткен. Күдікті қамауға алынды. Ол 43 жаста. Бұрын алты рет сотталған, оның бесеуі – мүліктік қылмыстар жасағаны үшін. Күдікті соңғы рет 2010 жылы бір жарым жылға сотталған. Ер адам өз кінәсін толықтай мойындап, істеген ісіне өкінетінін мәлімдеді, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2,3- тармағына (Ұрлық) сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адамның іс-әрекетінің қосымша эпизодтарын анықтау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру