Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында сора өсірген тұрғын УҰИ-ға қамауға алынды

Қызылорда облысында сора өсірген тұрғын УҰИ-ға қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда облысы аумағында өткізіліп жатқан «Қарасора-2022» іс-шарасы барысында 13 тамыз күні Шиелі ауданы Досбол би ауылынан 15 шақырым қашықтықта  далалық жерде қалың шеңгел арасында полицейлер 12 түп сора өсімдігін тапты.

Оқиға орнында аудан тұрғыны ұсталды. Сондай-ақ, сора өсіруге арналған айғақты заттар тәркіленді. Айта кетерлік жайт, арнайы баптап өсірілген сораның ұзындығы 80-90 см-ге жеткен, күдікті тамшылатып суару технологиясын қолданған.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру