Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ташкентте өткен Ішкі істер министрлерінің кеңесінде ШЫҰ аясында трансұлттық қылмыспен және адам саудасымен қалай күресуге болатыны талқыланды

Қазақстанның ІІМ басшысы Марат Ахметжанов Өзбекстанға келді. 18 тамызда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің төртінші кеңесі өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл кездесудің маңыздылығы ұйымның басты басымдығымен түсіндіріледі – ШЫҰ-ға мүше елдер азаматтары үшін тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ал бұл – 3 млрд адам немесе бүкіл әлем халқының 45%.

Кездесу барысында қатысушылар бүгінгі сын-тегеуріндер мен қауіптерге қарсы іс-қимылда, яғни экстремизм, адам саудасы, қарудың заңсыз айналымы және т.б. бойынша тәжірибе алмасады.

Қазақстанның ішкі істер министрі өз сөзінде ІІМ мен ШЫҰ-ның ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына және киберқылмысқа қарсы бірлескен күресі бойынша нақты ұсыныстар айтты. ШЫҰ елдерінің министрлері Марат Ахметжановтың барлық ұсыныстарын бірауыздан қолдады.

Атап айтқанда, ведомство басшысы ҰҚТ-ны жою, нысандарды жедел әзірлеу, заңсыз майнингке қарсы күрес және адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша қазақстандық тәжірибемен бөлісті. Ведомствоаралық комиссия құрылды, үкіметтік іс-шаралар жоспары іске асырылуда және ІІМ базасында «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы әзірленуде.

Терроризм мен экстремизмге тек бірге қарсы тұруға болады. Сондықтан Қазақстан терроризмге қарсы барлық 19 халықаралық конвенциялар мен хаттамаларға қосылды. Министрдің айтуынша, көпжақты және екіжақты ынтымақтастық форматында қылмысқа қарсы күрес бойынша 90-нан астам шарт жасалған. Сондай-ақ қарулы қақтығыстарға қатысу үшін «ыстық нүктелерге» баруды жоспарлаған азаматтар анықталды (2019 және 2021 жылдары 700 қазақстандық Сирия мен Ирак босқындар лагерінен қайтарылды).

Есірткі қылмысына қарсы күреске келетін болсақ, Марат Ахметжанов ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің есірткіге қарсы стратегиясы шеңберінде қабылданған шаралар туралы айтып берді. Ресей ІІМ Есірткі бақылау бөлімшелерімен жұмыс жүргізілуде. Соңғы бір жарым жыл ішінде синтетикалық есірткі өндіретін 40 есірткі зертханасы жойылды. Ұлттық бақылауда – есірткінің мыңнан астам жаңа түрі. Интернеттегі жарнама ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ЭЫДҰ дамыған елдерінің үлгісімен қылмыстық сала жаңғыртылуда. Марат Ахметжанов Қазақстанда полицияның, прокурордың және соттың қатысуымен сотқа дейінгі тергеудің үш буынды моделі қалай енгізіліп жатқанын айтты. Оның пайда болуымен жұмыс оңтайландырылды.

Министрдің пікірінше, ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл үшін ШЫҰ серіктестерімен бірлесіп халықаралық ынтымақтастықтың нақты тетігін әзірлеу қажет. Марат Ахметжанов бейінді бөлімшелерде тәжірибе алмасу бойынша жұмысты жолға қоюды және тренингтер өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Кеңес аясында Марат Ахметжанов әріптестерімен екіжақты келіссөздер жүргізеді. Шағын форматта еліміздің ішкі істер министрі қылмысқа қарсы бірлескен күресті талқылайды. Кездесу қорытындысы бойынша кеңес хаттамасына қол қойылды.

ІІМ басшыларының кездесуі ұйымның базалық жарғылық құжатына ШЫҰ Хартиясына қол қойылғанына 20 жыл толғанда және 15-16 қыркүйекте Самарқанд қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері көшбасшыларының Саммитінің алдында өтіп отырғаны есте қаларлық жайт.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру