Алматылық полицейлер есірткі қойып кетушіні ұстады
Алматылық полицейлер есірткі қойып кетушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Алматы қаласының полицейлері қаладағы 10-шағын ауданда 21 жастағы Атырау облысының тұрғынын ұстады.
– Жас жігіт жеңіл жолмен ақша табу мақсатында психотроптық заттарды сатумен айналысқан. Яғни психотроптық заттарды аудан аумағына қойып кету арқылы таратқан. Жеке тінту кезінде ұсталған азаматтан көк түсті изолентаға оралған 5 байлам тәркіленді. Бір буманы ашқан кезде ішінде ерекше иісі бар, ақ түсті ұнтақ бар екендігі анықталды. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1,3 тармағы бойынша тіркелді. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, қорытындысына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады, – деді Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.