Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жол ережесін бұзған жас жүргізушілер жауапқа тартылды

Түркістан облысында жол ережесін бұзған жас жүргізушілер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде Түркістан облысы ПД қызметкерлері TikTok қосымшасынан BMW маркалы автокөліктердің үлкен жолдың қақ ортасында жол жүрісі ережесін өрескел бұзғаны туралы бейнежазбаны анықтады. Видеоны бірден назарға алған полицейлер құқық бұзушыларды анықтауға кірісті.

Оқиға Сайрам ауданы Ақсукент ауылының Жібек жолы көшесіндегі бағдаршамның бойында орын алғаны белгілі болды. Бағдаршамның тұсында қатар тұрған екі BMW авариялық жағдай туындатып, жылдамдықты арттырып, түтіндетіп қатты жылдамдықпен жүрген.

Бейнежазбаны мұқият тексерген полицейлер көліктерді іздестіріп, тез арада иелерін анықтап, оларды заң аясында жауапкершілікке тартты.

Екі көлік те айыптұраққа қойылды. Жас жүргізушілер жасаған әрекеттерін мойындап, сол үшін көпшіліктен кешірім сұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру