Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте «Сергек» камераларының көмегімен жеті айда 200 қылмыс ашылды

Шымкентте «Сергек» камераларының көмегімен жеті айда 200 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы көше қиылыстары мен тұрғын үйлердің аулаларында жалпы саны – 3177 «Сергек» бейнекамерасы орнатылған. Сонымен қатар, көшелердің 1677 қиылысында автоматты түрде тіркейтін интеллектуалды бейнебақылаулар жұмыс істеп тұр.

Барлық 3177 «Сергек» камерасы Шымкент қаласы ПД Жедел басқару орталығына және ҚР ІІМ аумақтық орталығына, сонымен бірге қала әкімшілігінің дағдарыс орталығымен біріктірілген.

Биылғы жылдың жеті ай 17 күнінде бейнебақылау тобы арқылы, яғни Жедел басқару орталығына қарасты барлық 3177 бейнекамерасының көмегімен 200 қылмыс ашылған. Атап айтсақ, олар: тонау – 9, бұзақылық – 19, автокөлікті заңсыз иелену – 17, ұрлық – 107, басқа да қылмыстар – 48.
«Сергек» жүйесі арқылы әкімшілік айыппұлдарды тіркеуден бөлек, қылмысқа және басқа да құқықбұзушылықтарға қатысы бар автокөліктерді қала аумағындағы қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, көлік жүргізушілерінің құқық бұзушылықтар бойынша мекенжайларына хабарлама барған күннен бастап 7 тәулік ішінде салынған әкімшілік айыппұлдың 50 пайыз мөлшерін төлеуге мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру