Қаскөй қарағандылықтың телефонын тартып алып, есепшотынан ақшасын шешіп алған
Қаскөй қарағандылықтың телефонын тартып алып, есепшотынан ақшасын шешіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 тамызда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 39 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Оның айтуынша, ол таңертең көпқабатты үйдің кіреберісінен шығып, ұялы телефонмен сөйлесіп, автобус аялдамасына қарай бет алған. Осы кезде белгісіз біреу әйелге жүгіріп жетіп, ұялы телефонын алып, ізін суытқан. Ал біраз уақыттан кейін қаскөй жәбірленушінің ұялы телефонына орнатылған қосымшаны пайдаланып, оның банктік шотынан 42 мың теңге шешіп алған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 192 мың теңгені құрады.
17 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері шабуыл жасаған 18 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Заттай дәлелдеме – жәбірленушінің ұялы телефоны тәркіленді.
Осыған ұқсас қылмыс бір күн бұрын Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің көмегімен ашылды. Сағат 15.00 шамасында полицейлер жолда келе жатып, қызметтік көлікті көріп, қашып кетпек болған ер адамға назар аударды. Бұл әрекеті палицейлер арасында күдік тудырды.
Олар күдіктіні ұстады, ол 30 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ол көшелердің бірінде сөмкесінен әмиянды алып шыққан егде әйелді байқағанын мойындады. Қаскөй таң бұл мезетті пайдаланып, оның қолынан жұлып алып, қаша жөнеледі. Күдіктінің айтуынша, әмиянда тоғыз мың теңге болған. Қазіргі уақытта полицейлер жәбірленушінің кім екенін анықтауда.
Барлық фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.