Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты тергеу аяқталды
ІІМ Өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД бастығының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол ағымдағы жылдың шілде айында бопсалаушылық және қылмыстық жазаны өтеу режимін жеңілдету үшін сотталушыдан ірі пара алды деген күдікпен ұсталды.
Қазіргі уақытта іс Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотына жіберілді.
«Полицейлер заңды ұстанбай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын таптап, антты бұзған жағдайда ІІМ бұрынғысынша қатаң және дереу әрекет етеді. Құқық қорғау қызметі бізге тек жұмыста ғана емес, күнделікті өмірде де үлкен жауапкершілік жүктейді. Министрлік басшылығы барлық заң бұзушылықтарға қарсы әрекет ету бойынша ұстанымды одан әрі қатаң ұстанатын болады. Кінәлілердің бірде-біреуі жауапкершіліктен жалтара алмайды», – деп атап өтті ведомство өкілдері.