Ақтауда жүргізуші куәлігінен айырылған мас тұрғын ұсталды
Ақтауда жүргізуші куәлігінен айырылған мас тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
19 тамызда Ақтау қаласы 8-шағын ауданы, 20 үйге қарама-қарсы тас жолда полиция қызметкерлерімен Lada-21150 автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында жүргізушінің ішкілікті масаң күйде көлік басқарғаны анықталды.
Жүргізуші 2021 жылдың қыркүйек айында сотпен көлік құралын басқару құқығынан жеті жылға айырылғаны белгілі болды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.