Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен ер адам ұсталды

Түркістанда өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, түнгі уақытта көше бойында тұрған Ваз-2106 көлігін белгісіз біреу рұқсатсыз айдап кеткен.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынысыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша тіркеуге алып, бірден іске кірісіп кетті.

Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына шығып, жедел-тергеу амалдарын бастады. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін қажетті шаралар атқарылды. Соның нәтижесінде түркістандық полицейлер тәулік ішінде күдіктінің жеке басын анықтады. Яғни, жүйелі атқарылған жұмыс арқасында көлікті заңсыз айдаған ер адам ұсталды.

Анықталғандай, күдікті түнгі уақытта көшеден кілттенбеген көлікті байқап, айдап кеткен. Бүгінде автокөлік заңды иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру