Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер 2 мыңнан астам түп қарасора жойды

Қарағандылық полицейлер 2 мыңнан астам түп қарасора жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Оның мақсаты – республика бойынша есірткі тектес өсімдіктерді жойу, өңірімізге алыс-жақын елдерден келетін есірткі арналарының жолын кесу.

5 қыркүйек күні Қарағанды қаласынан 10 шақырым жерде полиция қызметкерлері қарасора алқабын анықтады. Оның ауқымы 5 гектар жерді алып отыр. Облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы, кинология қызметі және әкімдік қызметкерлерімен жүргізілген іс шаралар барысында 2 мың түптен астам қарасора жойылды. Аталған бағыттағы іс-шаралар әліде жалғасын табады.

– Полиция қызметкерлері үнемі үкіметтік емес ұйымдар, әкімдік және еріктілермен бірлесіп жабайы қарасора өсімдіктерін жойу жұмыстарын жүргізіп тұрады. Сондықтан да біз қала тұрғындарынан өздеріне тиесілі аумақта осындай қарасора өсімдіктерін анықтау және дер кезінде көзін жойу шараларын өткізуді сұраймыз. Егер жабайы өскен қарасораны жоймаған жағдайда жеке тұлғаларға 10 АЕК, шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдарға 40 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 70 АЕК ал ірі кәсіпкерлік субъектілерге 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Нұрым Садвакасов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру