«Жолда қабылдау» акциясына Түркістан облысының мыңнан астам тұрғыны келді
Екі күнде «Жолда қабылдау» акциясына Түркістан облысының мыңнан астам тұрғыны келді, – деп хабарлайды Polisia.kz
9-10 қыркүйек күндері аралығында Түркістан облысының аумағында «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Іс-шарада Әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі мен полицияның басқа да құрылым салаларының қызметкерлері тұрғындарға кеңес беріп, құқықтық көмек көрсетті.
Акцияға келушілер өздерінің полицияға қатысты мәселелерін, ұсыныс-пікірлерін алдын ала жазылусыз, әрбір аудан, қаладағы полиция бөлімдері мен басқармаларының жанынан ашылған азаматтарды қабылдау бөлмелерінде келіп жеткізді.
Атап айтсақ, азаматтарды қызықтыратын мәселелердің көпшілігі көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол белгілерін ауыстыру және әкімшілік айыппұлдарды төлеу, көші-қон заңнамасын сақтау болды.
Кейбір азаматтар өз шағымдары мен ұсыныстарын Түркістан облысы ПД-ның ресми парақшасы арқылы жеткізді. Яғни, халыққа ыңғайлы болу үшін Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде тікелей эфирлер өткізіліп, онда пайдаланушылар өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Жалпы «Жолда қабылдау» акциясына облыстың мыңнан астам тұрғыны, сондай-ақ әлеуметтік желі қолданушылары белсенділік танытып, қатысты.
Түркістан облысының полицейлері «сервистік полиция моделін енгізу» мен «жұртқа жақын полиция» қағидатын қалыптастыруда мұндай іс-шаралардың берері мол дейді. «Жолда қабылдау» акциясы алдағы уақытта да жалғасады.