СҚО-да пробация қызметкерлері мен полицейлер сотталғанды құтқарды
СҚО-да пробация қызметкерлері мен полицейлер сотталғанды құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО бойынша ҚАЖД М.Жұмабаев атындағы аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторы Г. Байбусиннің учаскесінде тұратын сотталғандармен профилактикалық әңгіме жүргізу мақсатында күн сайынғы қоңырау шалу кезінде сотталғандардың бірі байланысқа шықпады. Электрондық бақылау құралы арқылы орналасқан жерді анықтау әрекеті де сәтсіз аяқталды, себебі заряд деңгейі нөлге тең болды. Соңғы мәліметтер бойынша, сотталған тұрғылықты жерінен кетпеген.Байбусин учаскелік полиция инспекторы Охременкомен бірлесіп мән-жайды анықтау үшін сотталған адамның тұрғылықты жеріне барған, алайда үйдің есігі ішінен құлыпталған болған. Үй ішінен өрттің өткір иісіп шығып, терезеден түтін көрінді. Терезедегі әйнекті сындыру туралы шешім қабылданды. Үйге кірген тәртіп сақшылары сотталғанды төсекте ес-түссіз жатқан күйде тапты.
Дереу алғашқы медициналық көмек алған сотталған Булаево қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізіліп, жүйе алғаннан кейін есін жиды.
Ұйықтар алдында сотталған темекі тұқылын, отын мен қағаз салынғанына және пеш үрлеуіші жабық болғанына қарамай, пешке лақтырып жіберді. Сондай-ақ, пештің жанында болған пластикалық шара еріп, қою қышқыл түтін шығара бастады.
Сотталған пробация және полиция қызметінің қызметкерлеріне өз алғысын білдірді. ІІО қызметкерлерінің қырағылығының арқасында адам өмірі құтқарылды.