Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-дағы әйелдер колониясында ашық есік күні өтті

СҚО-да ашық есік күні аясында әйелдер колониясының қызметкерлері сотталғанға ерекше кездесу ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қыркүйекте Петропавл қаласының әйелдер колониясында әлеуметтік-пайдалы байланыстарды қолдау мақсатында ашық есік күні өткізілді.

34 сотталғанға 70-ке жуық туысы келген, оның 14-і балалар. Мекеме әкімшілігі сотталғандардың бірі үшін дайындаған тосын сый іс-шараның басты оқиғасы болды. Сотталған А. өзінің 8 жасар қызымен сотталған кезінен бастап 3 жыл бойы кездескен жоқ. Баланың басқа жақын туыстары қалмағандықтан, оны Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының балалар үйіне орналастырды.

Балалар үйінің әкімшілігі дайындаған бейнероликті қарау барысында сотталғанға мекеме қызметкерлері қызын Саумалкөл ауылынан анасымен кездесуге алып келгені туралы хабарлады.

– Бұл күтпеген кездесу болды. Қызымды көргенде мен өз көзіме сене алмай, айтар сөзім болмады. Таксофон және бейне қоңыраулар арқылы араласып жатсақ та, көзбе-көз кездесуге еш нәрсе жетпейді. Мен тағы да баламды құшақтай алдым. Департамент пен мекеме басшылығына, сондай-ақ осы іс-шараны ұйымдастыруға қатысқан барлық қызметкерлерге алғыс айтқым келеді. Ауыл қаладан алыс орналасқандықтан қызымды осы жерге әкелу үшін қанша еңбек жасалғанын елестете алмаймын. Үлкен рақмет. Бүгін мен ең бақытты анамын, – дейді сотталған А.

Іс-шара аясында қонақтар сотталғандар дайындаған тағамдардан дәм татып, мекеме аумағында жасалған бұйымдардың көрмесін көріп, концерттік бағдарламадан және әрине туыстарымен көптен күткен кездесуден рахат алды.

Кездесуге келген балалар үшін жұмсақ ойыншықтар, сабын көпіршіктері және мекеменің ерекше үй жануары – Лили үйрегін көру мүмкіндігі түріндегі сыйлықтар дайындалды.

– Сотталған А. қызымен сөйлескен сайын көз жасын ұстай алмайтынын көріп, ашық есік күні аясында біз оған кішкене тосынсый дайындауды шештік. Сотталғанның қызы балалар үйінде болғандықтан, оны анасымен кездесуге әкелуге ешкімнін мүмкіндігі болмады. Барлық ұйымдастырушылық сәттерді пысықтағаннан кейін мекеме қызметкерлері баланы іс-шараға аман-есен жеткізді. 3 жылдық айырылыстан кейін отбасының осындай қайта қосылуын көріп, қонақтар мен сотталғандар ғана емес, мекеме қызметкерлері де эмоцияларды ұстай алмады. Біз сотталғандардың туыстарымен әлеуметтік-пайдалы байланыстарын қолдау үшін қажет нәрсенің бәрін жасауға дайынбыз. Бұл күн сотталған А. үшін ерекше болды, – дейді тәрбие бөлімінің бастығы Оксана Вышар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру