Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері 3 мыңнан астам тыныштықты бұзушыны жауапқа тартты

Павлодар полицейлері 3 мыңнан астам тыныштықты бұзушыны жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында күн сайын ондаған адам тыныштықты бұзады. Қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру үшін азаматтар “102” жедел арнасына қоңырау шалады.

– Жылдың басынан бері Ертіс өңірінің полицейлері ҚР ӘҚБтК 437-бабы бойынша 3703 тыныштықты бұзушыны жауапқа тартты. Аталған бұзушылық үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, ескерту қарастырылмаған. Мысалы, 19 қыркүйекте сағат 01.42-де полицияға Лермонтов көшесіндегі пәтерде шу шығып жатыр деген қоңырау түсті, – деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Куаныш Мстафинов.

 

– Соңғы уақытта олардың мерекесі бітпей қойды: қатты музыка, дауыстар, дүңкілдер. Күн сайынғы күйбең тірліктің нәтижесінде қиын жұмыс күнінен кейін кешке демалып тыныштықта ұйықтағың келеді. Менің жұмыс күнім өте ерте басталады, бірақ көршілердің көңілді әрі шулы отырыстарының нәтижесінде ұйқым қанбай, өзімді шаршаңқы сезініп оянамын. Олармен тыныштық режимін сақтау туралы келісімге келу мүмкін емес, – деп шағымданды полиция қызметкеріне арызданушы тұрғын.

Шағым негізінде полиция қызметкерлері 5 АЕК көлемінде айыппұл салып, хаттама толтырып, тәртіп бұзушылармен әңгімелесті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру