Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ұры кәсіпорыннан қақпаны ұрлап, металға тапсырған

Қарағандыда ұры кәсіпорыннан қақпаны ұрлап, металл сынықтарын жинау орнына тапсырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 тамызда Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 51 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ер адамның жеке кәсіпкер екені және кәсіпорындардың бірінде цех жалдайтыны белгілі болды. Үш күн бұрын ол қаладан тыс жерлерге іссапармен кетіп, қайтып келгенде цехта металл қақпалардың жоғалып кеткенін анықтаған. Шығын 50 мың теңгені құрады.

Полиция ұрланған затты металл сынықтарын қабылдау пункттерінің біріне тапсырған деп болжам жасады. Олар осындай бірнеше кәсіпорынды тексеріп, бірінде ұрланған қақпаларды тапты. Қақпаларды тұрақты клиент алып келген, оның жеке басын көп ұзамай полиция анықтады.

6 қыркүйекте олар күдікті ретінде 50 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады.

Теміртауда полицейлер көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан ұрланған балалардың сырғанау төбешігін орнына қайтарды. Бұл оқиға түнгі уақытта болған, қараңғылықты пайдаланып, белгісіз адам құны 115 мың теңге тұратын балалар алаңының элементін бөлшектеген. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 41 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол балалардың сырғанау төбешігін металл қабылдау пункттерінің біріне тапсырғанын түсіндіріп, кінәсін мойындады.

Барлық фактілер негізінде ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру