Қызылорда облысында тұрғыннан заңсыз сақталған қару алынды
Қызылорда облысында тұрғыннан заңсыз сақталған қару алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қызылорда облысында 14 қыркүйек күні сағат 10:30 шамасында Жалағаш ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы аудан тұрғынының үйінде 16 калибрлі, 1 ұңғылы, тіркеуде жоқ аңшы мылтығын анықтап, тәркіледі. Алынған мылтық зауыттық тәсілмен дайындалған, ішкі істер органдарында тіркелмеген.
Айғақ зат Қызылорда облысы Полиция департаментінің жедел-криминалистикалық бөліміне зерттеуге жіберілді.
Қазіргі уақытта аудан тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданатын болады.