Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер мен еріктілер граффити-жазбаларын өшірді

Павлодар облысында полицейлер мен еріктілер граффити-жазбаларын өшірді, – деп хабаралайды Polisia.kz.

Аталған акция бүгінгі күні Павлодар және Екібастұз қалаларында өтті.

– Полиция мен қоғамдық көмекшілер жұмыла жұмыс істеуі тиіс. Қабырғаларда, есіктерде және асфальттарда жазылған ашық немесе жұмбақталған түрдегі сілтемелерді дереу бұғаттау керек, екіншіден, граффити жарнамаларды жылдам өшіру қажет. Жазаның бұлтартпастығы өте маңызды сәт, бұл қылмыспен айналысатындар жауапкершіліктен жалтарудың мүмкін еместігін түсінуі керек. Бұл ұсақ орындаушыларға да граффисттерге, кладмендерге және көбінесе шетелде тұрып ақ, пирамиданың үстінен қарап, қаржылық ағымдарды басқаратындарға да қатысты, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

– Бүгінгі күні жеткіншек ұрпақ арасында тыйым салынған заттардың таралуы және тұтынылуы тақырыбы өзекті болып қалып отыр. Есірткі пайдаланудың өлімге әкеп соғуға дейін денсаулыққа өте зиянды екеніне, Қылмыстық кодекс бабының санкциясымен есірткі қылмысымен айналысқаны үшін ұзақ уақыт бас бостандығынан айыру көзделгененіне қарамастан, жастар есірткінің заңсыз айналымына жиі тартылуда. Біздің тәжірибемізде, көбінесе қаскөйлерді тарту орталығына өзіне аса назар аудармайтын орындар айналады – олар жарнама жазуларын тура үйлердің, гараждардың, ғимараттардың қабырғаларына жазады, – дейді “Есірткісіз болашақ” корпоративтік қорының басшысы Жандос Ақтаев.

Еріктілер өз ауласынан есірткі жарнамалайтын граффитиді байқаған тұрғындармен әңгіме жүргізіп, оларға оның қауіптілігін түсіндіріп, тыйым салынған жарнаманы өшіріп тастауға кеңес берді.

Дәстүрлі акцияға “Легион 14”, “Vita” іздеу-құтқару жасағы, “Есірткісіз болашақ” корпоративтік қоры және Павлодар облысы Балалар және жастар ұйымдары ассоциациясы еріктілер және үкіметтік емес ұйымдар белсенділері қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру