Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер өзгенің атынан тауарлық несие рәсімдеген ер адамды анықтады

Түркістандық полицейлер өзгенің атынан тауарлық несие рәсімдеген ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның атынан белгісіз біреу тауарлық несие алып, 300 мың теңгеден астам шығын келтірген. 1 айдай уақыт өткен соң банктен несиеңізді төлеңіз деп хабар келгенде, жәбірленуші тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұрайды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашу мақсатында Түркістан ҚПБ полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні Түркістан қаласы көшелерінің бірінде жүрген жерінен анықтады. Алаяқтық жасаған азамат жергілікті тұрғын және жәбірленушінің сырттай танысы болып шықты.

Анықталғандай, күдікті ер адам жәбірленушіге “сіздің атыңыздан тауарлық несие шығарып бере аламын және оны зейнетақы қорындағы ақшаңызбен төленетін етіп жасаймын” деп сендірген. Ал тұрғын алаяққа сенген. Осы сәтте алаяқ жәбірленушінің атынан банкке сұраныс жіберіп, мақұлдау алған. Содан алдау арқылы шағымданушының есепшотына түскен ақшаны өзіне аударып алған. Қомақты қаражатты өз пайдасына жұмсап жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да осындай алаяқтық қылмысына қатысы бар-жоғы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру