Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентауда мас күйде көлік басқарып, бұзақылық жасаған азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Кентауда мас күйде көлік басқарып, бұзақылық жасаған азаматқа қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Кентау ҚПБ патрульдік полиция тобының қызметкерлері патрульдеу жұмыстарын атқару кезінде жол бойында төбелесіп жатқан екі адамды байқап, бірден мән-жайды анықтау үшін олардың жандарына барады. Содан бір-біріне күш қолданып жатқандарды ажыратып үлгереді. Осы сәтте дау-дамайға қатысушының бірі Daewoo Tosсa жүргізушісінің үстінен арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, ол жол шетінде жаяу келе жатқанында жүргізуші көлігімен абайсызда қағып кетпек болғанын баяндайды. Осылайша екеуінің арасында түсінбеушілік орнап, соңы үлкен дауға ұласқан. Daewoo Tosсa жүргізушісі қағып кетпек болғанымен қоймай жәбірленушіні соққыға жыққан.

Мән-жайға қаныққан полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркеуге алды. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде Daewoo Tosсa жүргізушінің мас халде екеніне күмән келтіріліп, оның спирттік ішімдік ішіп, көлік басқарғаны расталды. Оған қоса автокөлік иесі бұдан алдын жүргізу куәлігінен айырылғаны белгілі болды.

Осыған сәйкес Daewoo Tosсa жүргізушісіне, яғни бұзақылық жасап, онымен қоймай мас күйде көлік тізгіндеген жігітке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) сотқа жолданды.

Сот жүргізушіні кінәлі деп танып, ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша бір жыл және ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру