Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталғандар арасында психологиялық клуб құрылды

Қызылордада түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында психологиялық клуб құрылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37, №60 мемлекеттік мекемесінде психологияға қызығушылық танытқан сотталғандар арасында психологиялық клуб құрылды.

Сотталғандарға арналған клубтың басты мақсаты – қарым-қатынас, эмоциялар психологиясы саласынан негізгі ұғымдарды қалыптастыру, сотталғандарға тең теңімен қағидаты бойынша танымдық қызығушылығын, интеллектісі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, одан әрі өзін-өзі дамыту мен өзара көмек көрсетуге ынталандыру.

Психологиялық клуб мүшелігіне № 37 мекемеден 12 сотталған, №60 мекемеден 15 жазасын өтеуші өз келісімін берді. №60 мекемеде алғашқы клубты ұйымдастыру сабағын «Ақниет ақпараттық- насихаттау және оңалту орталығы»» қоғамдық қорының психологы Алмагүл Аяғанова жүргізсе, №37 мекемеде мекеменің психолог маманы Ақгүл Аманова ашып, психологиялық клубтың мақсаты мен оның негізгі жұмыс барысын түсіндіріп, шара соңында танысу тренингі өткізді.

– Бұл клубтың құрылуына сотталғандар тарапынан қызығушылық танытып, өз топтарына атау қойды. Бірінші семинар тренинг сабағымыз керемет өтті. Психологиялық клубта түрлі семинар тренингтер өткізілу арқылы олардың өздеріне деген сенімділі артып, болашаққа деген көзқарастары өзгеретін болады, – деді психолог маман Ақгүл Аманова.

– Психологиялық клубқа мүше болдым. Сезімімді жеткізу мүмкін емес. Клуб мүшелерімен қызықты шараларға қатысу арқылы мінез-құлқымызды дұрыстауға, өз-өзіңді, басқаларды да толық тануға және болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді, – деді сотталған азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру