Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Табысын арттырмақ болған ақтөбелік 5,5 млн теңгеге шығынға батты

Табысын арттырмақ болған ақтөбелік 5,5 млн теңгеге шығынға батты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ақтөбе облысы бойынша Полиция департаменті азаматтарға мұнай өндіруші компаниялар немесе мемлекеттік цифрлық платформа сияқты ірі жобаларға ақша қаражатын инвестициялау туралы ұсыныстармен интернет желісінде жалған ақпарат таралуының жиілеп кеткенін ескертеді.

Мысалы, 18 қыркүйекте Әйтеке би ауданының 35 жастағы тұрғынының ұялы телефонына бейтаныс әйел қоңырау шалған. Қоңырау шалушы өзін мұнай компаниясының менеджері ретінде таныстырып, мұнай-газ саласына инвестиция салып, табысын арттыруды ұсынған. Жәбірленуші алаяқтың сөзіне сеніп, төрт банктен жалпы сомасы 5,5 млн теңге несие рәсімдеп, алаяқтың талап еткен шотына аударған. Нәтижесінде жәбірленуші  миллиондаған шығынға батты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру