Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері оқушыларға кинолог мамандығының маңыздылығы туралы айтып берді

СҚО-да полицейлер оқушыларға кинолог мамандығының маңыздылығы мен қызметтік-іздестіру иттерінің пайдасы туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығына 200-ден астам бала экскурсияға барып қайтты.

Кезекті экскурсияға № 17 қалалық орта мектебінің 40 бастауыш сынып оқушылары қатысты. Ұрлық, есірткі қылмысы, жарылғыш заттарды іздеу – қызметтік-іздестіру иттері күнделікті жедел уәкілдерге қылмысқа қарсы күресте көмектеседі.

Төрт аяқты көмекшілер әрқашан сау, жақсы тамақтанған және жұмысқа жарамды болуы үшін – кинологтар мен мал дәрігерлері жануарларды апта бойы баптап күтеді. Серуенге шығару, жаттықтыру, күтім – қызметтік иттерге күтім толық көлемде болуы тиіс. Бұл туралы полицейлер кішкентай қонақтарына – қалалық мектептің екінші сынып оқушыларына айтып берді. Құрал– жабдықтар, киім-кешек, қызметтік иттердің саны, олардың белгілі бір бағытта қолданылуы – полицейлер оқушылардың сұрақтарына толық жауап берді. Балалар лақап аты Мэри итін атап өтті, экскурсия күні неміс овчаркасы алты айға толыпты. Қазір ит әлеуметтену процесінде, жақын арада оған белгілі бір жұмыс желісі бөлінеді; оған инспектор-кинолог тағайындалады.

СҚО ПД Кинологиялық қызмет орталығының бастығы Самат Төлебаевтың айтуынша, экскурсияның негізгі мақсаты – балаларға кинолог мамандығы туралы айтып беру; осы мамандықтың маңыздылығын түсіндіру. Көп жағдайда бапталған, ең қауіпті қылмыстарды ашуға қатысатын, адамның әрекет етуі қиынға соғатын немесе мүмкін емес жағдайларда тиімді көмектесетін төрт аяқты көмекшілердің әрекеттері кинологтардың жұмысына байланысты.

Облыстың полиция бөліністерінде 50 қызметтік-іздестіру иті бар. СҚО ПД КҚО базасында – 24, Петропавл қаласының Полиция басқармасында – 5, қалғандары – аудандық полиция бөлімдерінде. Бұл неміс, бельгиялық овчаркалар, лабрадорлар, спаниельдер мен ротвейлерлер. Жыл басынан бері қызметтік-іздестіру иттерінің қатысуымен 480-нен астам қылмыс, оның ішінде есірткі заттарын іздеу желісі бойынша 20-дан астам қылмыс ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру