Маңғыстауда 2500-ге жуық пәтер мен үй тексерілді
Маңғыстауда 2500-ге жуық пәтер мен үй тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Маңғыстау өңірі аумағында 15 қыркүйек пен 15 қазан күндері аралығында проблемалық мәселелерді зерделеу, қызмет көрсетілетін учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту үшін әкімшілік учаске тұрғындарын барынша қамтуға бағытталған “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Учаскелік полиция инспекторлары іс-шара кезінде өздеріне бекітілген әкімшілік учаскелерде халықпен танысу, сондай-ақ әр түрлі құқық бұзушылықтарға жол берген адамдарды анықтау және ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтарды тексеру үшін аулалық және пәтерлік аралау бойынша жүргізеді.
Іс-шараның алғашқы бес күнінде учаскелік полиция инспекторлары 1139 пәтерді және 1268 жеке үйлерді аралап шықты. Тұрғылықты жері бойынша ІІО-да есепте тұрған 300-ден аса адам және 166 азаматтық қару иелері тексерілді.
Жалпы, іс-шара басталғаннан бері 598 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде республикада тіркеусіз тұрғаны үшін 89 дерек, ұсақ бұзақылық үшін 87 факт, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтарға жол беру бойынша 30 дерек тіркелді.
Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторлары жергілікті атқарушы органдардың және жұртшылықтың өкілдерін тарта отырып, проблемалық мәселелерді зерделеу және шешу үшін халықпен кездесулер өткізуде.