Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында мотокөліктердің қатысуымен 13 жол-көлік оқиғасы болды

Жамбыл облысында жыл басынан мотокөліктердің қатысуымен 13 жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21-25 қыркүйек аралығында Жамбыл облысының аумағында “Мотоцикл” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шараның мақсаты – жол-көлік оқиғаларына қатысты жарақат алу, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерінің басқа да бұзушылық деректерінің, соның ішінде түнгі уақытта автокөлік жүргізушілерінің тыныштықты бұзуының алдын алу.

Патрульдік полиция батальондарының қызметкерлері мотоциклдерді қауіпсіз жүргізу және осы көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауы бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Кешкі және түнгі уақытта тыныштықты бұзу деректерінің алдын алу және жолын кесу, оның ішінде елді мекендерде шамадан тыс шу деңгейі бар мотоциклдерді пайдалану немесе газ шығару жүйесіне өзгерістер енгізу бойынша мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Биыл 8 айда Жамбыл облысында автокөліктердің қатысуымен 13 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан бір адам қаза тапты.

19 қыркүйекте сағат 23:30 шамасында Қордай ауылындағы Қазыбек би көшесінің бойымен қатты жылдамдықпен келе жатқан 26 жастағы мотоцикл жүргізушісі рульді басқара алмай, көлігін аударып алған. Оқиға салдарынан мотоцикл жүргізушісі есін жимай, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру