Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші ұсталды

Жамбыл облысында көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 қазанда сағат 15:00 шамасында Қаратау қаласында Toyota Сamry көлігі тыйым салынған жерге тұраққа қойғаны үшін Байзақ ауданының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Патрульдік полиция инспекторларының тексеру барысында алдыңғы бүйір әйнектерiн қараңғылау және жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдалану түріндегі құқық бұзушылықтарды анықтады.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-тармағымен (Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау), 590-бабы 3, 4, 5-тармақтарымен (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттамалар жасалды.

Талас аудандық сотының шешімімен құқық бұзушы көлік басқару құқығынан бір жыл мерзімге айырылып, 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі тәркіленді, автокөлік айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру