Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық полицейлер дүкенге ұрлыққа түскен күдіктілерді ұстады

Тараздық полицейлер дүкенге ұрлыққа түскен күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына түнгі сағат 04:00 шамасында мөлтек аудандардың бірінде орналасқан мобильдік дүкенге белгісіз тұлғалармен ұрлық жасалып, ол жерден ноутбук, ұялы телефон және Kaspi-терминалы жоғалған деген хабарлама түсті.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығының 28 және 22 жастағы тұрғындары ұсталды. Күдіктілер кінәсін толық мойындады. Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру