Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 300-ден астам шетелдік анықталды

Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 300-ден астам шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылар мен оның арналарын анықтау және жолын кесу, шетелдіктермен көші-қон заңдылықтарының сақталуына бақылау жүргізу, сот шешімдерімен Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылған және Қазақстан Республикасында болу мерзімдері бұзылған шетелдіктерге қатысты шаралар қабылдау мақсатында Атырау облысында 27-31 қазан күндері “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

– Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 300-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 211 шетелдік азамат Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша 126 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша 7 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, – деді Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Абдіғани Сейдуалиев.

Айта кетейік, іс-шара кезінде құқық бұзған 37 шетел азаматы азаматтық іс жүргізу және әкімшілік тәртібімен ҚР аумағынан шығарылды. Жеке басын анықтайтын құжаттардың болмауына байланысты 61 Өзбекстан Республикасының азаматы қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру