Қостанай облысында заңсыз жұмыс істеген 8 шетелдік анықталды
Қостанай облысында заңсыз жұмыс істеп келген 8 шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері Қостанай ауданы Талапкер ауылындағы рейдтер барысында ауданға Алматы облысынан табыс табуға келген Өзбекстан тұрғындарын анықтады. Олар бидай жинаумен айналысқан және еңбек қызметін жүзеге асыруға құжаттары болмаған. Құжаттарды тексергеннен кейін жұмысшылар тәртіп сақшыларынан жасырынуға тырысты.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторы Марат Әлімовпен бірге ер адамдарды ұстады. Өзбекстан азаматтары Қостанай аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК 5-бабының 517-бөлігі бойынша 3 тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицияның хабарлауынша, шетелдік азаматтардың елде болу мерзімі қысқартылып, 10 тәулік ішінде олар елден кетуге міндетті. Бұдан басқа, ҚР заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды.